Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қанат Бозымбаев Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді:
Оның ішінде 15464 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған. Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 4525 үй мен пәтер сатып алу, сондай-ақ типтік жобамен 2350 үй салу жоспарланып отыр, - деді Бозымбаев.
Бүгінде нарықтан 1814 пәтер мен үй сатып алу үшін келісімшарттар жасалған. Зардап шеккен аймақтардағы 841 отбасы бұрынғы бұзылған үйлерінің орнына жаңа баспанаға қоныстанған. Қазіргі уақытта 4521 отбасы үйлерін жөндеу және қалпына келтіру мақсатында 57,4 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған. Жалпы, тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 237 миллиард теңге қажет. Сонымен қатар бірреттік төлемдерді төлеу үшін Үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады: