Мемлекет басшысы SANA Sport орталығына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнда балаларға арналған 29 үйірме жұмыс істейді

Фото: Ақорда

Президент елордадағы әлеуметтік нысандарды аралап көру барысында отбасылық SANA Sport орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы және 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысына «Damu Development Group» консорциумы жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.