$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2024, 16:06
Үкімет

Досаев Алматыда су мәселесі қашан шешілетінін айтты

Президент Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

 

Досаев Алматыда су мәселесі қашан шешілетінін айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Алматының биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, көлік қызметінің көлемі 17,5 пайызға, құрылыс 5,7 пайызға және байланыс бағыты 4,4 пайызға өскен. Мегаполис экономикасына 360 миллиард теңге жеке инвестиция тартылған. Өсім 5,8 пайызды құрады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл сәуір айында Алматыдағы жылдық инфляция 9,1 пайызға дейін бәсеңдегені жайында мәлімет берілді. Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны ашылған. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Ерболат Досаев шаһардағы кейбір аудандарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Биыл ақпан айында қаланың жоғарғы бөлігін сумен қамту жөніндегі резерв схемасын жасау жұмыстары басталды. Құрылысты осы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал «Балқаш» таза су резервуары пайдалануға беріліп, «Юбилейный», «Каменское плато» және басқа да аудандарға су жеткізіле бастады.

 

Серіктес жаңалықтары