28.05.2024, 10:45
Үкімет
«Тасқын судың зардабын бағалау осы аптада аяқталсын»: Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Үкімет басшысы жұмыстарды тездету қажет екенін айтты
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов су басқан өңірлердің әкімдеріне залалды бағалау жұмыстарын осы аптада аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты, мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек», - деді ол үкімет отырысында.
Бектенов орынбасары Қанат Бозымбаевқа осы мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Алдын ала жасалған қорытындыларға сәйкес, республика бойынша 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтеді. 4 315 үй апатты деп танылды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды