Қостанай облысына бүгінге дейін 205 млн теңге жіберілген
Мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Мәди Такиевтен Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына қазірге дейін қанша қаражат бөлінгені туралы сұралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство басшысы, суға кеткен үйлердің шығыны әлі есептеліп жатқанын айтты.
«Орал, Құлсары бойынша әлі есептеліп жатыр. Бәрін есептеп шыққаннан кейін сіздерге толық ақпарат береміз. Қазір Қостанай облысына резервтен 205 млн теңге бөлінді», - деді Қаржы министрі Мәди Такиев.