Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады
«ҚазАвтоЖол» жергілікті халықтың сұранысы бойынша Р-56 «Хан Орда ауылына кіреберіс» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-21 шақырымындағы учаскеде орта жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл учаске республикалық маңызы бар «Өнеге-Бисен-Сайқын-РФ шекарасы» автожолының және Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданы Хан Ордасы ауылының арасында орналасқан.
«Аталған автожол учаскесі IV техникалық санатқа жатады және аймақтың жетекші туристік ТОП-50 бағытына кіретін «Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК-ға апаратын жалғыз жолдың бірі», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі.