Мамырдың соңынан бастап аптасына екі емес, үш рейс ұшыру жоспарда бар
2024 жылғы 30 мамырдан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана – Үрімжі бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2 рейстен 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды», - деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Дереккөз хабарлағандай, рейстердің көбейгені әуе билеттерінің бағасының арзандауына ықпал етеді.