Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңге бөлді

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Премьер-Министр Олжас Бектенов Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу үшін үкімет резервінен 2,4 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кейінге қалдыруға болмайтын қажетті шұғыл жұмыстарды ескере отырып, ҚР Үкіметі резервінен Риддер қаласының «Водоканал» ШЖҚ МКК жылу желілерін күрделі жөндеуге 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл олардың тозу деңгейін жарамды көрсеткіштерге дейін жеткізуге және қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 50-ден астам участок жөнделеді», - деп хабарлады бүгін, 17 мамыр күні Үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, былтыр қаланың жылу желілерінен 25 рет ақау шыққан