«Қызыл аймақта»: Қазақстанда 12 қаланың жылу желілері әбден тозған

Автор: Azattyq Rýhy

Орташа есеппен бұл қалалардағы құбырлардың 73% ескірген

Фото: Azattyq Rýhy

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 12 қаланың жылу желілері әбден тозғаны анықталды. Үкімет бұл қалалардың жылу желілерін «қызыл аймаққа» жатқызған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұндай деректі бүгін Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынды. Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан бойынша жылу желілері ең тозған қала – Екібастұз. Бұнда жылу желілерінің  91% ескірген. Azattyq Ruhy жылу желілері тозған қалалар мен ондағы көрсеткіштер туралы инфографика ұсынады.