Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
ҚР Үкіметінің қаулысымен Аслан Абдраимов Су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аслан Сабазұлы 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік компанияда бастаған. Әр жылдары құрылыс және логистика саласында жұмыс істеді.
2010-2024 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директоры, интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры.