Бағдат Мусин қызметінен кетті

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бұл туралы Ақорда хабарлады  

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Айта кетейік, Бағдат Мусин бұл лауазымға 2020 жылдың 2 қыркүйегінде кіріскен болатын. Ол 1983 жылы Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «Компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

 

 

 

 

Тегтер: