Төтенше жағдай кезінде халық жергілікті органдардың әрекетіне шағымданған
Сенат депутаты Ольга Булавкина депутаттық сауалында төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік орган қызметін заңмен бекіту қажетін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сенатор өңірлердегі су тасқыны салдарынан туындаған күрделі жағдай жайлы айтты.
«Сенаторлар төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап өңірлерде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге барды. Төтенше жағдай қызметкерлері мен медициналық персоналға қосылып, тәулік бойы жұмыс істейтін пунктіде кезекшілікте тұр. Штабтардағы жұмыстарға белсенді қатысып жатыр. Өңірлердегі жұмыс жалғасып жатыр»,-деді Булавкина.
Ол халықтан төтенше жағдай кезінде кейбір мемлекеттік органдардың ұйымдаспаған әрекетіне қатысты шағым түсетінін айтты.
«Осыған байланысты заңнамалық тұрғыда әр мемлекеттік органның төтенше жағдай кезіндегі әрекеті үшін жауапкершілікті бекіту керек»,- деді ол.
Сенатор азық-түлік қауіпсіздігі бойынша стратегиялық құжатты қайта қарау керегін айтты.