ДСМ коронавируспен күреске 17 млрд теңге жұмсады

Автор: Azattyq Rýhy

Бюджеттен 4 траншпен 17 млрд теңге бөлінді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова журналистердің ведомство коронавируспен күреске қанша ақша жұмсағандығы туралы сұрағына жауап берді. Айтуынша, бюджеттен бұл жұмысқа 17 млрд теңге аударылған.

«Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттен 4 траншпен 17 млрд теңге бөлінді. Ақша дәрі, қорғаныс құралдарын алуға, ауруларды іріктейтін капсулаға, қорғаныс костюмдеріне кетті. Қорғаныс құралдары тек біздің министрлікке қарайтын ұйымдарға ғана емес, мемлекеттік кірістер комитеті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс, сыртқы істер министрліктері үшін де сатып алынды.Сонымен бірге, бұл қаржы тест алуға немесе оны өзімізде жасауға да жұмсалды. Дезинфекция, мұз қатыру камералары үшін де осы ақшаны пайдаландық», - деді Б.Жақсылықова.

Ал коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге көтерме ақы әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорынан беріледі. Қазірше 5,2 млрд теңге бөлінген. 8 сәуірден бастап 5 аймақтың дәрігерлеріне ақша төленді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан