Үкіметте Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу талқыланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді. Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

«Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, IPO (Initial Public Offering) – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасында бастапқы орналастыру. IPO кезінде компания ашық айналымға акцияларын шығарады, оларды институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.