Өнімнің орташа өнімділігі 9,7 центнер гектарды құрайды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында егін науқаны жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биыл жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң 24,0 млн гектарды құрады. Оның ішінде астық жиналатын алаң 17,1 млн га құрайды.
Осы жылы егін жинау науқанына шамамен 150,0 мың бірлік трактор, 39,0 мың астық жинайтын комбайн, 14,0 мың орақ және 140,0 мың бірлік басқа техника қатысты.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау аяқталу сатысында. Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн.тонна астық бастырылды, оның 11,4 млн. тоннасы бидай (өнімділік 8,6 ц/га)», - деді министр.
Ол атағандай, егер дақылдар бөлінісінде қарасақ, бидай жиналатын алаң 13,4 млн га құрайды, өнімділігі 8,6 ц/га, 11,4 млн тонна бастырылды.
«Майлы дақылдар 1,9 млн га немесе 68%. Орташа өнімділігі 8,4 ц/га болғанда 1,6 млн тонна май тұқымы жиналды.
Оның ішінде күнбағыс орташа өнімділігі 11,6 ц/га болып, 747,5 мың тонна бастырылды.
Картоп 168,8 мың га аумақтан толығымен алынып тасталды, жалпы алым өнімділігі 206,4 ц/га болып, 3,5 млн.тоннаны құрады.
Көкөніс дақылдары 162,4 мың га алаңнан жиналды, жалпы алым 263,7 ц/га өнімділікте 4,3 млн тоннаны құрады (2022 жылы орташа өнімділік 271,4 ц/га болғанда 4,7 млн тонна көкөніс жиналды)»,- деді ол.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ