«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жаңа шетелдік инвесторға беріле ме?

Автор: Аманалина Тоғжан

Қанат Шарлапаев компанияның атауы өзгеретінін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтегі брифингте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын басқаруға шетелдік инвестор тартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Үкімет компания Қазақстанның меншігіне өткен соң ешқандай шетелдік инвесторды қарастырып отырған жоқ. Қазіргі таңда компанияда бар барлық талап пен қызметкерлер саны, жалақы мәселесі жаңа инвестор келгенде өзгермейді», - деді ол.

Министр атағандай, барлық жұмысы бар кеншілердің штаты өзгермейді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қазіргі басшысы өзгерген кезде біз оның атын компания атауына қолдана алмаймыз. Сондықтан компанияның атауы өзгереді. Оның жаңа атауы қандай болатынын жұмыс істейтін қызметкерлермен ақылдасу арқылы шешкен жөн деп ойлаймыз. Ол жұмысы істеп тұрған кәсіпорын, былтыр оның табысы 3 млн долларды құрады. Ол жұмысын жалғастыра береді. Өзінің қамтамасыз етілуін көтере алады», - деді Шарлапаев.

Еске салсақ, «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапты.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ