Өңірде Әлихан Смайылов бірқатар нысандарды аралайды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өңірде Үкімет басшысы өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің жұмысымен, сондай-ақ химиялық кешен құрылысымен, су арнасы құрылыс жұмыстарының барысымен танысады.
Сонымен қатар Премьер-Министр өңірдегі диқандармен кездеседі деп күтілуде.