Бүгін ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады

Автор: Azattyq Rýhy

Сапар барысында Үкімет басшысы бірқатар нысандарды аралайды

Хромтау ауданында Үкімет басшысы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Премьер-Министр бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарды аралайды.

Бұдан бөлек, Әлихан Смайылов шығармашыл жастармен кездесу өткізіп, облысты одан әрі дамыту жоспарларымен танысады.