Сенаторлар ШҚО-ның аграршыларымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде проблемалық мәселелер көтерілді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Аблакет ауылдық округінің Бестерек ауылында болды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Парламентшілер «Ақбауыр мұражай-археологиялық кешенін» аралады және ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге қатысушылар саланың проблемалық мәселелерін, соның ішінде бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнына субсидия беру, ауыл шаруашылығы техникасына несие беруді субсидиялау пайызын қайта қарау мәселелерін талқылады.

Сенаторлар сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Самара ауданының Самар ауылында болып, ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, сондай-ақ «Лик» шаруа қожалығының қызметімен танысты.