Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатта жазылғандай, енді мына мамандардың жалақысы өседі:
Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:
- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.
Ал, Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде.
Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.