Өңдеу өнеркәсібіндегі бизнес жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар телекоммуникация және энергетика салалары сөз болды

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қатысушылар өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру, республиканың көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мәселелерін қарады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар телекоммуникация және энергетика салаларын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» қоры, «Бәйтерек» холдингі, «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» ұлттық компанияларының басшылары, Ұлттық банк өкілдері және т. б. қатысты.