Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың микрокредиттері ТЖ кезінде уақытылы төленбесе, айыппұл мен өсімпұл есептелмейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстанда жарияланған төтенше жағдай кезінде азаматтар банктерден қандай жеңілдіктер алатынын түсіндірді.
Сонымен, төтенше жағдай кезінде тұлғалардың кепілсіз кредиттерін төлемеу мерзімі 90 күннен асып кеткенде, оларға қосымша сыйақы есептелмейді. Бұдан әрі аталған шара заңнамалық деңгейде енгізіледі.
Жеке тұлғалар кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарызының 50%-ын 12 ай ішінде төлесе және әрі қарай уақытылы қарызын жауып тұрса, теріс несие тарихын түзетуге мүмкіндік беріледі.
16 наурыз бен 15 сәуір аралығында заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың микрокредиттері төтенше жағдайдың кесірінен уақытылы төленбесе, айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.
Бұл норма банктерден бөлек, қарыз беретін барлық микрокредиттік ұйымдар мен ломбардтарға да қолданылады.
Жеке кәсіпкерлерге, шағын және бизнес өкілдеріне банк алдындағы борышын 90 күнге кейінге қалдыруға болады.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан