$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2020, 18:58
Үкімет

ТЖ кезінде сауда орындары тұтынушыны маскасыз кіргізбейді

Тәртіп бойынша маскасыз келген тұтынушыға оны сауда орындары тегін таратуы тиіс

ТЖ кезінде сауда орындары тұтынушыны маскасыз кіргізбейді
көрнекі фото: Батыржан Беспаев

Ел аумағындағы төтенше жағдай режимі кезінде сауда нүктелеріне адамдар медициналық маскасыз кіргізілмейді. Бұл жайында Сауда министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады. Тәртіп бойынша, егер келушіде маска болмаса, сауда орнында оған тегін маска берлуі тиіс.

Сондай-ақ дүкендерде үзын-сонар кезек болмауы керек. Адамдар арасында 1 метр қашықтық сақталады. Сауда орнының кіре берісіне тепловизорлар қойылады.

«Ірі сауда орындары, азық-түлік базарлары сағат 10-нан 18:00-ге дейін, басқалары 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Ірі сауда, ойын-сауық орталықтарындағы тамақтану орындары түнгі 10-ға дейін ашық болады. Бірақ бір уақытта 50 адамнан көп жиналмау керек», - деді Б.Сұлтанов.

Министр мүмкіндік болса, мейрамханаларға онлайн жеткізу қызметіне көшуге кеңес берді. Не болмаса,  үстелдерді, есік-терезені, баспалдақтарды сағат сайын дезинфекциялап, тазалап отыруға міндетті.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары