Уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, геологиялық барлауға халықаралық стандарттарды енгізу жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру және салаға инвестициялар тарту жөніндегі шаралар қаралды.
«Талқылау барысында Премьер-министр тау-кен металлургия кешенінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру кезінде мемлекет пен бизнес мүдделерінің балансын сақтау қажеттігін атап өтті», - делінген хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берілді.