Қазақстанда құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді – Үкімет

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР Үкіметінің арнайы қаулысы жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

«Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді», - делінген Үкімет қаулысында.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.

Тақырыпқа орай: Астанада Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан құтқарушылар марапатталды

Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.