$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2020, 23:25
Үкімет

Дәрігерлердің жалақысы 500 мың теңге болады – Біртанов

Биыл дәрігерлер жалақысы 30 пайызға көтерілген

Дәрігерлердің жалақысы 500 мың теңге болады – Біртанов

2025 жылы ақ халаттылардың еңбек ақысы жарты миллиондай болмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа жиынында министр Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Министр 2019 жылдың қаңтарынан бері дәрігерлердің жалақысы 60 пайызға көтерілгенін жеткізді. Биыл ол көрсеткіш 30 пайызға көтерілген. Министрлік адамдардың өміріне араша түсетін жандардың жалақсын өсіруді жалғастырмақ ниетте.

«Қаңтардан бастап дәрігерлер жалақысы 30 пайызға және мейірбикелер жалақысы 20 пайызға көтерілетін болады. Бұл да көптен күткен маңызды нәтиже. Қазіргі медицина саласындағы көп мәселенің бірі - медициналық кадрдың көңіл күйі. Жыл сайын медициналық қызметкерлердің жалақсы көтеріліп отыратын болады», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласын кадрмен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталып өтті. Айтуынша, елде 4 мыңнан астам медициналық қызметкерлер жетіспейді. Әсіресе, ауылдық жерлерде дәрігерлер тапшылығы қатты байқалады екен. Десе де, бұл олқылықты жою үшін жас мамандарға тиісті шаралар мен қолдаулар көрсетіліп жатыр деді.

«Әрине, ауылды жерде жұмыс істеу қиын болады. Жас мамандар үшін міндетті түрде тұрғын үй мәселесі шешілуі қажет. Осы мәселе шешілсе, кадр тапшылығын 1-2 жылда шешу мүмкіндігі бар», - деді Е. Біртанов.
 

Серіктес жаңалықтары