ЕЭО елдерінде электрондық темекі нарығы бақылауға алынбақ

Автор: Azattyq Rýhy

Никотині бар сұйықтықтарға ЕЭО елдерінде нақты заңнамалық талап жоқ

Еуразиялық экономикалық одақ  кеңістігінде никотин өнімдерін жеткізуді  біріздендіру мақсатында міндетті талаптар қойылатын  өнімдердің бірыңғай тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

«Бүгінде   ЕЭО кеңістігінде  реттелмейтін никотині бар өнімдердің жаңа түрлері көбейіп келеді. Бұл түрлі вейптар, қызатын электрондық   темекі бұйымдары және тағы басқалар. Қабылданған шешім бірыңғай ортақ  техникалық регламентті әзірлеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Министрліктің пайымынша, құрамында никотині бар өнімге қойылатын осындай талаптар адам денсаулығы үшін қауіпті өнімді нарықтан жоюға мүмкіндік береді.