Министр бейбіт жиындар туралы заң жобасының ашық талқылауда тұрғанын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Заң жобасы қатысты пікірталас туындататын сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

Кадр «Хабар» телеарнасының видеосынан алынды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі»  туралы заң жобасы аясында атқарылатын жұмыстар барысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Үкіметке нақты тапсырма беріп, бейбіт жиындар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Сол кезде Мемлекет басшысы біз митинг өткізудің мәдениетін көтеріп, бұл адам құқығының ажырамас бөлігі ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін де аңғаруымыз керектігін мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда құжат талқылауға ашық.

Осы аптада жұмыс тобы Ұлттық кеңестің мүшелерімен, сарапшылармен, заңгерлермен, құқық қорғаушылармен кездесті. Әділет министрлігінің алаңында мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Әрине бұл талқылаудың соңы емес. Біз пікір-пайымдарды жинақтап, ұсыныстарды пысықтауымыз керек. Заң жобасы бойынша сұрақтардың жинақталуына байланысты пікірталас туындататын барлық бөлік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Д. Абаев.