Биылдан бастап Семей қаласы Абай облысының орталығы деген статусқа ие
Семей қаласының жаңа әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды деп жазады Zakon.kz.
Н.Нұрсағатов Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Бұған дейін түрлі басшылық қызметтер атқарған. Алматы қаласы әкімдігінің Құрылыс басқармасында Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасында жұмыс істеген. Сондай-ақ, Астанадағы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.
Семейге әкім болардың алдында Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.