«Қазақтелеком» акцияларының 28,8% мемлекеттік меншікке қайтарылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселесі туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2671481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.