Елшісі Ержан Ашықбаев Қазақстан стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді
2022 жылғы 4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оның барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипат лебізін жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті», деп көрсетті ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады.