Жұмыс тобы бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдауы тиіс
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын», - делінген бұйрықта.
Сондай-ақ жұмыс тобы бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдауы тиіс.
Айта кетсек, 16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.