Теңіз порттары арқылы экспортты 10 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр

Автор: Әсел Оршыбекова

Үкімет отырысында Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалын дамыту мәселесі сөз болды

Фото: ашық дереккөзден

Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында «Контейнерлік хаб» құру жоспарланып отыр. Мұндай мәлімдемені Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында жасады.

Жобаны іске асыру үшін Сингапурлық компаниясымен келіссөздер жүргізілген. Сонымен қатар, Maersk (Маерск), MSC (ЭмЭсСи) және Cosco Shipping (Коско Шипинг) сияқты әлемдік контейнерлік операторларының паркін тарту көзделіп отыр. 

«Жеке бизнесті тарта отырып, сауда флотын 4 пароммен толықтыру жоспарланып отыр. Биыл шамамен 4 млн тонна экспорттық жүкті қайта бағдарлауды ескере отырып, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр», - деді Бірінші вице-министр.