$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2021, 09:43
Үкімет

Қазақстанда басшылық қызметте жүрген 663 шетелдік азамат бар

Еңбек мигранттарының дені Қытай, Түркия, Өзбекстан, Үндістан елдерінен келеді

Қазақстанда басшылық қызметте жүрген 663 шетелдік азамат бар
көрнекі фото

1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 16 114 шетелдік азамат еңбек етіп жүр.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 663 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 279 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 754 адам және 651 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 914 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде - 1 853 адам тартылған.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1,8 мыңға жуық жұмыс беруші бар. Оларда шамамен Қазақстанның 494 мың азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттары шығатын негізгі елдер: Қытай – 3 837 адам, Түркия – 1 965 адам, Өзбекстан – 1 949 адам, Үндістан – 1 024 адам, Ұлыбритания – 949 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

Серіктес жаңалықтары