Әділет органдары халыққа құқықтық көмек көрсету саласындағы заңдылықты сақтау бойынша жүйелі негізде талдау жүргізеді. Мәселен, 09 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қолданыстағы заңнама нормаларын өрескел бұзғаны үшін Әділет министрлігінің «Қазақстанның кәсіби заңгерлері» заң консультанттары палатасын заң консультанттары палаталары тізілімінен (бұдан әрі – тізілім) шығару туралы талап арызын қанағаттандырды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Сот азамат С. өтелмеген және алынбаған соттылығы бар екендігін және палата мүшесі болмай, бірінші және екінші сатыдағы соттарда 34 азаматтық іс бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін палата ұсынған тізілімнен үзінді көшірме негізінде заң консультанты ретінде заңсыз қатысқанын анықтады.
Сондай-ақ, сот жоғары заңгерлік білім алғанын растайтын құжатсыз палата мүшелігіне заңсыз қабылданғанын анықтады.
Сонымен қатар, 2019 жылы Түркістан облысының Әділет департаменті Түркістан облыстық сотының атына Арыс қаласының заң консультанттары палатасының мүшелеріне сотқа тапсырма бойынша өкіл ретінде жібермеу туралы хат жолдады. Бұл ретте Түркістан облысы Қазығұрт аудандық соты тізілімге енгізілмегендіктен, 2021 жылы палата мүшелерінің сотқа заңсыз қатысу фактісі анықталған.
Сонымен қатар, Әділет министрлігі Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тіркелген заң консультанттары палаталарының қызметіне талдау жасап, тізілімде тіркелмеген 27 палатаны анықтады.
Бизнес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тіркелген, заң консультанты палаталарының қызметі тізілімде тіркелмеген палаталарының тізімі:
- «A-lawyers» заң консультанттары палатасы (190740034432);
- «Adil-zan» заң консультанттары палатасы (190140023207);
- «Forum» заң консультанттары палатасы ( 190740001406);
- «Grand lawyers» заң консультанттары палатасы ( 191040002243);
- «Kazakhstan Zan» заң консультанттары палатасы (190940033888);
- «NZP» заң консультанттары палатасы (191240021910);
- Prof Legal Community» заң консультанттары палатасы (190540016526);
- «Space com» заң консультанттары палатасы (190740017472);
- «VPRAVE QAZAQSTAN» заң консультанттары палатасы (190740023000);
- «YUR OTAN» заң консультанттары палатасы ( 181040022934),
- «Zanger GROUP» заң консультанттары палатасы (190840013483);
- «АРЛАН» заң консультанттары палатасы (170640024755);
- «ЖОЛБАРЫС» заң консультанттары палатасы (190740001674);
- «ЗАКОН И Согласие» заң консультанттары палатасы ( 191140007129);
- «Консул First 2019» заң консультанттары палатасы (190940004448);
- Көк Орда» заң консультанттары палатасы (190440040505);
- «Объединение профессиональных юридических консультантов «Қорғау» заң консультанттары палатасы (190640026001);
- «ПАЛАТА УПОЛНОМОЧЕННЫХ ЮРИСТОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» заң консультанттары палатасы (200240004734);
- «ПРАВО КАЗАХСТАНА» заң консультанттары палатасы (190640004129);
- «Первая палата юридических консультантов города Астаны» заң консультанттары палатасы (181240023023);
- «Республиканская палата юридических консультантов» заң консультанттары палатасы (190440005266);
- «Технология и право» заң консультанттары палатасы (190940000049);
- «Тұрғын үй заңы» заң консультанттары палатасы (190840000685);
- Түркістан облысының «Әділет» заң консультанттары палатасы (191040015949);
- «Әділетті Заң» (190640005277) заң консультанттары палатасы;
- «Палата юридических консультантов города Арыс» (190840004751) заң консультанттары палатасы;
- «Профессиональная палата юридических консультантов» (160940025594)