Ауғанстанға қатынайтын коммерциялық рейстерді қалпына келтіру жоспарланып отырған жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі жауап берді

фото: pixabay.com

Қазақстан билігі Ауғанстанмен арадағы коммерциялық әуе рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ТАСС агенттігіне хабарлаған.

«Ауғанстанға қатынайтын коммерциялық рейстерді қалпына келтіру жоспарланып отырға жоқ. Бұл туралы әуе компанияларынан ешқандай өтініш түскен жоқ», - делінген ведомство жауабында.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Кабулдан Алматы қаласының әуежайына 41 жолаушы мінген ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы ұшып келді, олардың ішінде Қазақстанның 4 азаматы, Қырғызстанның 1 азаматы және Қазақстанда тұрақты тұратын 1 ауған бар. Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланады.