Қарағанды-Балқаш-Алматы автожолының қашан аяқталатыны айтылды

Автор: Azattyq Rýhy

Балқаш-Бурылбайтал учаскесін реконструкциялау басқа мердігер компаниялар қолға алған

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Қарағанды-Балқаш-Алматы автомобиль жолы 2023 жылы толығымен пайдалануға берілетінін айтты.

Вице-министрдің айтуынша, биыл ұзындығы 363 шақырым болатын Қарағанды-Балқаш учаскесіндегі негізгі жұмыстар аяқталу жоспарланған. Ал, ұзындығы 288 шақырым болатын Балқаш-Бурылбайтал учаскесін реконструкциялау жұмысына коронавирус пандемиясы кері әсерін тигізген. Жекелеген шетелдік компаниялар жұмысын жалғастыра алмай, Халықаралық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын бұл жобаны басқа мердігерлер қолға алған.

«Қарағанды-Балқаш-Алматы дәлізін 2023 жылы толық аяқтаймыз», - деді вице-министр.