Қазаннан бастап Доха мен Алматы арасында тұрақты әуе рейстері қатынайды

Автор: Azattyq Rýhy

Qatar Airways Қазақстанға әуе рейстерін ашады

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

31 тамызда Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысына Қазақстан мен Катар арасында тұрақты әуе қатынасын ашу мәселесі шығарылды.

Осылайша ҚР Азаматтық авиация комитеті және Катар елінің авиациялық билік органдары екі ел арасындағы әуе қатынасы саласында құқықтық база құру және кеңейту жөніндегі жұмысының нәтижесінде Qatar Airways әуе компаниясы биыл 15 қазаннан бастап Доха және Алматы қалалары арасында Қазақстанға тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 ұшақтарымен аптасына 2 рейс, дүйсенбі және жұма күндері орындалады деп жоспарлануда.