$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2021, 09:42
Үкімет

ВАК карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешім қабылдады

Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін жұмыс істейді

ВАК карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешім қабылдады
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантин режимін жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.

28 тамыздан бастап рұқсат беріледі:

  • Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;
  • сенбі күні қоғамдық көлік қызметіне.

30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Вице-премьер тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:

  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
  • санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
  • педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
  • мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
Серіктес жаңалықтары