Михаил Мишустин 2020 жылдың басында Қазақстанға жұмыс сапарымен келген еді
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 18-19 тамыз аралығында жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтан қаласына келмек. Бұл туралы ақпарат РФ үкіметінің ресми сайтында жарияланды.
Михаил Мишустин жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.
Сондай-ақ тараптардың өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени-гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытуды талқылайтыны айтылды. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылмақ.