ВАК отырысында екпе алу қарқыны төмен өңірлер аталды
Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Е. Қиясовтың баяндамасын тыңдағаннан кейін вице-премьер қабылданып жатқан шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға ықпал ететінін атап өтті. Бүгінгі күні инфекциялық төсектердің толымдылығы 55%-ды, реанимациялық төсектердің жүктемесі 47%-ды құрайды.
Дегенмен Е. Тоғжанов бірқатар өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықты вакцинамен қамту жұмысының белсенділігінің төмен екенін атап өтті.
Сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Қостанай облыстарында тұрғын үй аулаларын аралау арқылы халық арасында екпе жұмыстарының ұйымдастырылмағанын атап өтті.
Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдарға келесідей тапсырмалар берілді: