Жергілікті бюджет шығысы 4,5 трлн теңгені құрады
Шығыс Қазақстан облысы бюджет қаражатын игере алмаған өңірлердің қатарына кірді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
«Жергілікті бюджет шығысы 4,5 трлн теңгені құрады. 58 млрд теңге атқарылмаған. Ағымдағы жылы өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша оларға 1 трлн 160 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілді. Атқарылмаған – 21 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 3 млрд теңге, игерілмегені – 18 млрд теңге», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Министрдің айтуынша, қаражатты ең көп игермеген өңірлер: Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары.