Онда отандық вакцинаның 600 мың дозасы шығарылды
Жамбыл облысындағы зауытта коронавирус инфекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасының 600 мың дозасы өндірілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
«Жамбыл облысында өндірістік алаң іске қосылды. Қазір ол белгілі бір өндірістік қуатты қамти алады. Яғни, қазірдің өзінде 600 мың доза вакцина қосымша өндірілді», - деді министр.
Министрдің мәліметінше, өндірілген препараттың 600 мың дозасы қауіпсіздікті тексеру кезеңінде және тамыз айында Қазақстан өңірлеріне жөнелтіледі. Сонымен қатар, министр QazVac вакцинасының 100 мың дозасы ел бойынша тасымалданып жатқанын хабарлады. Препараттар жақын күндері халық үшін қолжетімді болады.