Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Алексей Калайчиди басқа қызметке ауысты

көрнекі фото

Мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Дмитриевич Калайчиди Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылып, ҚР Президенті әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев тағайындалды. Мұрат Баймұқашев бұған дейін ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметін атқарды.