Олардың ешқайсы вакцина салдырмаған
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифинг барысында коронавирусты қайта жұқтырған қазақстандықтар туралы айтты.
«Ел арасында «коронавируспен ауырып шыққан адам қайта жұқтырмайды» деген пікір бар. Мүлдем дұрыс емес. Қазақстан бойынша 800-ге тарта адам коронавирусты қайта жұқтырды», - деді Алексей Цой.
Министр коронавирусты қайта жұқтырған азаматтардың ешқайсы вакцина салдырмағанын айтып, қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.