Алакөлге қатынайтын жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

18 маусымда «Алматы-Достық» бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызы қатынайды

көрнекі фото

15 маусымнан бастап «Алматы - Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына екі рет қатынайды.

Сонымен қатар, 18 маусымнан бастап «Алматы-Достық» бағыты бойынша аптасына 3 рет тағы бір жолаушылар пойызын іске қосу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласынан қолданыстағы жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде 2 вагонға ұлғайтылатын болады (№258/257 Нұр-Сұлтан-Достық, №54/53 Нұр-Сұлтан-Достық).

Бүгін Алакөл көлі бағыты бойынша келесі маршруттар ұйымдастырылды:

Нұр-Сұлтаннан:

  • № 54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық» (жыл бойы), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушысы (дүйсенбі, жұма);
  • №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» (20.06.21 ж. бастап), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушы (бейсенбі, жексенбі);
  • «Нұр-Сұлтан-1-Достық» №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздарындағы тікелей вагондар, «АрайТрансKZ» ЖШС тасымалдаушысы (жұп күндері).

Алматыдан:

  • №453/454 «Алматы-2-Достық» (жазғы 18.06.21 ж. бастап) тасымалдаушы «Тұран Экспресс «ӨК» ЖШС (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
  • №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (жұп күндері).