ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді - Алексей Цой

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр

фото: facebook.com/alexey.tsoy.3

Соңғы аптада елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Аурудың таралуы төмендеуінің оң динамикасы байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақтанып келеді. Сәуір айының соңы мен мамыр айының басындағы ауру-сырқау көрсеткішімен салыстырғанда, соңғы аптала коронавирус инфекциясы жағдайы 4 мыңға дейін төмендеді, яғни ауруға шалдығу 20 пайызға төмендеп отыр», - деді министр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды айтуынша, Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр. Науқастану көрсеткіші бойынша ҚР 221 елдің ішінде 104-орында, ал өлім-жітім бойынша 111-орында тұр.

25 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.