Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2017 жылдан бері Қаржы вице-министрі қызметін атқарды

Қанат Баеділов, фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды.

Қанат Баеділов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облыстық қаржы басқармасының Алматы облысы бойынша Бақылау-тексеру басқармасының аға бақылаушы-ревизоры болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР қаржы вице-министрі қызметін атқарды.