ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстандықтардың вакцинация паспорты халықаралық деңгейде танылуы мүмкін - ДСМ

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина қолжетімді болады

көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдында есеп беру кездесуінде вакцина салынғанын растайтын паспорт пен Ashyq қосымшасы биыл 1 шілдеде біріктірілетінін айтты.

«Вакциналау паспорты мен Ashyq қосымшасын интеграциялау биыл 1 шілдеде жүзеге асырылады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазір вакциналау паспортын IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен интеграциялау мәселесі де қаралып жатыр.

Вакциналау паспортында адамның қандай вакцина, қанша доза, қай күні алғаны туралы мәлімет көрсетіледі. Паспорт вакцинаның ІІ компонентін алғаннан кейін беріледі.

ДСМ вакцинация паспортымен қатар жылу картасын енгізіп жатыр, бұл телекоммуникациялық деректер базасында пандемия кезіндегі қаланың белсенділігін талдау жүйесі. Жылу карталары тұрғындардың белсенділігі мен шоғырлану орындарын, 103, 1406, 1308, 102 қоңыраулардың шоғырлану орындарын және облыстық көші-қон ағындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазір Алматы қаласында жылу картасын пайдалану бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

«Жылу картасын пайдалану ведомствоаралық комиссияның, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, полиция департаментінің, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тұрақты қолжетімділігі, алынған талдауды санитарлық мониторинг мақсаттары үшін пайдалану, патрульдеу бағыттарын оңтайландыру, төсек қорын жоспарлау, қабылданған шаралардың тиімділігін талдау сияқты мүмкіндіктерді ұсынады», - деп атап өтті министр.

Одан бөлек, Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы үш вакцина қолжетімді болатынын айтты. Қазір елімізде «Спутник V» және отандық QazVac вакцинасын егу жүргізіліп жатыр. Енді оған БАӘ-де қытай технологиясымен өндірілетін Hayat-Vax вакцинасы қосылады.