Экологиялық акцияға Мәжіліс депутаттарымен қатар, Палатаның аппарат қызметкерлері де қатысты
Мәжіліс депутаттары елордамызды көгалдандыруға өз үлестерін қосып, Нұр-Сұлтан қаласындағы дамушы аударда қарағай, балқарағай, емен, ирга және шегіршін көшеттерін отырғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді ауқымды көгалдандыруға жалпы мемлекеттік деңгейде мән беріп, өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауындағы міндеттердің бірі ретінде белгіледі.
Айта кету керек, Мәжіліс депутаттары дәстүрлі түрде көктемгі және күзгі экологиялық акцияларға белсене қатысып, өздерінің заң шығарушылық жұмыстарында экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше мән береді.
Депутаттар жасыл желектерді отырғызу – қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын экологиялық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін игі іс екенін айтты.